Алматыдан қашпақ болған бір топ тонаушы ұсталды

Фото: pexels.com сайтынан алынды

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды, деп хабарлады қала комендатурасының ақпарат орталығы.

«Ұсталғандар бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады. Сондай-ақ ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, оқ өтпейтін киім мен қалқандар тәркіленді», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 272-бабы – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу және 188 бап – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз