Алматылық әйел оныншы қабаттың терезесінен секіріп кетті

110
Фото: pixabay.com

Алматыда 49 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған.

Өз-өзіне қол жұмсаған 1972 жылы туған әйелдің психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.

«Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Оқиғаға қатысты тергеп, тексеру жұмыстарын Алмалы ауданының полиция басқармасы жүргізуде», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: