Басты бет Оқиға Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр. Үлкен кісілер олардың жолын бөгеп, наразылық білдіруде. Осыдан кейін бір жігіт айдаһардың басын сындырып кетеді. Оған қытайлық жастар ашуланып айғайлады. Осы кезде үлкендер төбелес шығармауға шақырады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға күні кеше Алматыдағы Жамбыл Жабаев және Мағазы Масанчи көшелерінің қиылысында болған.

«Қазіргі кезде Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиғаның куәгерлері мен қатысушыларын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Осының нәтижесінде Қазақстанның заңнамасына сай шаралар қолға алынады», — делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Министрлік жұрт жиі қоятын сұраққа жауап берді

Қазақстанда күн сайын қазір 1 миллионнан астам бетперде тігіледі. Ал қоймаларда 158 мың литр дезинфекциялық сұйықтық бар. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму...

Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады

Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады. Бұған 14,8 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды...

Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрі барлық мұсылман елдерін коронавирус пандемиясы тоқтағанша Меккеге қажылыққа баруды жоспарламауды сұрады, деп хабарлайды centralasian.org. Биыл шілде айының соңында басталатын...

Covid-19-дан қайтыс болғандар қалай жерленеді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz. "Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім....

Дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Маусымдық аллергиясы бар адамдардың  коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Динара Талғатбекова...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирде мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты тікелей эфирде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz. Мемлекет басшысы мәлімдемесінің мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті отандастар! Қазір бүкіл...

Коронавирус қаупі: полиция 47 адамды іздеп жатыр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусты жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды...