Басты бет Қоғам Алматылық жігіт Балқаш көлінде рекорд орнатпақшы (видео)

Алматылық жігіт Балқаш көлінде рекорд орнатпақшы (видео)

Мұз үстіндегі велосаяхат. Алматылық Александр Габченко Балқаш көлінен велосипедпен жүріп өтпекші, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Фотода видеоның скриншоты

Экспедицияны көлдің шығыс жағалауынан бастап, батысында аяқтайтын саяхатшы «Balkhash ice Challenge» жобасымен Қазақстан рекордын орнатуды көздейді.

Александр Габченко, велосаяхатшы:

— Бұл идея 2006 жылы келген. Велосипедпен мұз үстінде неге экспедиция жасамасқа деп ойладым. Бірақ енді ғана сәті түсіп тұр. Бұған дейін Қазақстаннан ешкім мұндай қадамға барған емес. Тек ресейліктер екі мәрте дәл осылай Балқаш көлінен жүріп өтпек болған. Түрлі себептерге байланысты екеуі де аяқсыз қалды.

Александр Габченко бұл сапарға үш айға жуық дайындалыпты. Ұзындығы 600 шақырымға созылатын мұз үстіндегі велосаяхат екі аптаға созылуы мүмкін. Саяхатшы сапар барысында жалғыз өзі жортады. Керек-жарағын сақадай-сай етіп, велосипедін әзірлеген ол 26 ақпанда жолға шығады. «Табиғаттың әр мезгілінде екі аяқты көлікті мінуге болады» деген ол, «Balkhash ice Challenge» жобасымен ішкі туризмді кеңірек насихаттаймыз дейді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...