«Алтын Домбыраны» ақын-журналист Талант Арғынғали иеленіп кетті

167
Фото: Facebook.com/talant.argyngali

Алматыда Республика сарайында айтыскер ақын, көптеген танымал әндердің авторы, «Мәдениет саласының үздігі» Талант Арғынғалидың «Таланттан тарту» шығармашылық ән, айтыс кеші өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Фото: Facebook.com/talant.argyngali

Кеште «МузАрт», «Каспий», «Жігіттер», «Заман» тобы, Жанболат пен Жазира, Нұрлан мен Мұрат, «Шамшырақ» дуэті, Төреғали Төреәлі, Ғазизхан Шекербеков, Дана Кентай, Мұрат Тоқашбаев, Лашын Мұратқызы, Асқар Жүнісбеков, Дәурен Сейтжанов, Асхат Үрпеков және белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Дәулетхан Жанқадырұлы Жиенқұлов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов, Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ақынның өзі туып өскен БҚО Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асылханұлы Асантаев, БҚО Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла сахна төрінде кеш иесіне тілектерін арнап, құттықтау хаттарын табыстады.

«Қазақ радиолары» ЖШС басшылығы талай айтыстарда топ жарған талантты ақынға радио ұжымы атынан «Алтын домбыра» тарту етті.

Талант Арғынғали 1980 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген. Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері. Сондай-ақ, «Музарт» тобының «Махаббат гүлі солмайды», «Не деген көркем едің?!», «Достарым», «Кел, жаным…» т.б, Нұр-Мұқасан тобының «Сіздер үшін…», «Махаббат әні», Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Сағыныш», «Жігіттер квартетінің» «Сен ойлама…», «Арман қала», сондай-ақ «Заман» тобының ән қоржынындағы «Мені ойла!», «Асыл жарым», «Қарақат көзің…» сияқты ел арасына кең тараған ән мәтіндерінің авторы, Қазақ радиосының журналисі.

Оқи отырыңыз: