Қалыңдығын өлтірген жігіт ісіне қатысты тың дерек шықты (видео)

307
Фото: Диапазон

Ақтөбе облыстық сотында жұма күні 22 жастағы Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Диапазонға сілтеме жасап.

Фото: Диапазон

Бойжеткенді өзінің сөз байласқан жігіті буындырып өлтірген болатын. Әсем Эльбрусова Бақыт Орынбасаровпен бір жарым жыл бойы кездескен. Құда түсіп, үйленуді жоспарлапты. Алайда ғашықтар жалдамалы пәтердегі кездесу кезінде жігіт қылмыс жасады.

Ашуға булыққан Бақыт Орынбасаров қызды өз қолымен буындырып өлтірген. Осы қылмысы үшін ол 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс болатын. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып, апелляциялық шағым түсірді.

Облыстық соттың апелляциялық комиссиясы жазаны өзгертті. 23 жастағы сотталушы енді 11 жылын түрмеде өткізеді. Бұған қоса, моральдық шығын ретінде жеті миллион теңге төлеуі тиіс.

Қайтыс болған қыздың анасы үкімге шағым түсірмейтінін айтты.

Оқи отырыңыз: