Қамырды 1 минутта оқтаусыз жұп-жұқа етіп жайған келіншек желіде қызу талқыға түсті (видео)

Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Қамырды оқтаусыз жұп-жұқа етіп жаюдың жолын көрсеткен келіншектің видеосы желіде қызу талқылануда. Шебер келін өзінің ептілігімен қонақтарды таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болды. Автор қамыр жаюдан шеберлік сабағын көрсеткен келінді бағалауды сұрайды.

Бейнежазбадан ауыл келінінің кішкентай қалың қамырды ауада созып, бір қолынан екінші қолына әрі-бері өткізіп, әп-сәтте жұқа етіп жайып тастағанын көруге болады. Дастархан басына жиналғандар келіннің өнерін жоғары бағалаған.

Оқтаусыз, ауада жайылған қамырды көрген желі қолданушылары бұл туралы екіұдай пікірде.

«Біз бұлай жасасақ, бірден ортасы жыртылып қалады ғой. Оқтаудың өзімен ортасын жұқа, екі шетін қалың ғып жаямыз», «Қоспасының бір құпиясы бар деп ойлаймын», «Құдалыққа шақыру керек екен», «1 минутқа жетпей жайып тастады», «Үйреніп алу керек екен уақыт үнемдейді», — дейді желі қолданушыларының басым көпшілігі.

Десе де, видеоны көргендердің бір бөлігі қамырды оқтаумен жайған дұрыс деген пікірде.

«Оқтаумен жайғанға не жетсін», «Ол да бір өнер шығар, бірақ-та оқтаумен әдемілеп жайған жақсы», «Оқтаумен жазса тазалық болады», — дейді олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық… (@shyndykz)

Автор: Эльмира Асқарқызы

Оқи отырыңыз: