«Анасының ажал құшқан сәтін көрген»: Павлодар облысындағы тұрғын үйден 46 жастағы әйелдің денесі табылды

Фото көрнекілік үшін unsplash.com сайтынан алынды

Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Береговое ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан 46 жастағы әйел — сол үйдің иесі. Ал 48 жастағы ер адам әйелмен көңіл жарастырып жүрген жергілікті тұрғын екені анықталған.

Сұмдық оқиға кезінде марқұм әйелдің кәмелетке толмаған баласы үйде болған. Бірақ ол жасырынып, аман қалыпты. Полиция аталған іске байланысты күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Екі бірдей адамның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады», — деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Автор: Көркем Әли

Оқи отырыңыз: