Басты бет Қоғам Қандай мемлекеттік қызметшілердің демалыс күні қысқарады

Қандай мемлекеттік қызметшілердің демалыс күні қысқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің мерекелік демалысын қысқарту туралы тапсырма берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мереке демалыс күніне сәйкес келсе, келесі күн демалыс деп жарияланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәселен, халықаралық әйелдер күні жексенбіге дәл түссе, 9 наурыз (дүйсенбі) демалыс күні болып саналады. Ал 2020 жылдың наурызында демалыс күннің келесі күнге ауысуына байланысты қазақстандықтар 13 күн демалады.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мемлекеттік қызметшілерге қатысты болмауы тиіс. Кейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың бұл тапсырмасы әлемде коронавирустың тарауына және елдегі су тасқыны қаупіне байланысты енгізіліп отырғанын айтты.

«Мұның бәрі шұғыл әрекет етуді, барлық мемлекеттік құрылымның жедел және үйлесімді жұмысын талап етеді», — деді Берік Уәли.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметші мерекенің басқа күнге ауыстырылуына сәйкес, демалыс күні жұмысқа шыққан жағдайда еңбек заңнамасы сақталады. Демек, еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, демалыс күні жұмысқа шыққан мемлекеттік қызметшіге бір жарым күндік жұмыстың ақы төленеді.

Мемлекеттік қызметшілер демалыс күні жұмысқа өзінің жазбаша рұқсатымен ғана шығады.

Мемлекеттік қызметші деген кім

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен реттеледі.

Осы заңға сәйкес, Қазақстан президенті әкімшілігі, парламент, үкімет, жоғарғы соттың және оның бақылауындағы соттардың, сондай-ақ, конституциялық кеңес пен орталық сайлау комиссиясы аппараты қызметкерлері мемлекеттік қызметші болып саналады.

Сонымен қатар министрлікте, мемлекеттік комитетте және өзге де орталық атқарушы органдарда жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметші болып саналады. Мәслихат пен әкімдік қызметкерлері де осы тізімге енеді.

Мемлекеттік қызметші тізіміне мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында техникалық қызмет көрсететін адамдар кірмейді.

Қазақстанда қанша мемлекеттік қызметші бар

2019 жылдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 98,7 мың мемлекеттік қызметші бар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпаратына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарда 52 363 шенеунік, ал жергілікті мемлекеттік органдарда 46 363 адам жұмыс істейді.

Демек, Қазақстан халқы санына шаққанда орта есеппен әр мың адамға 5,4 мемлекеттік қызметшіден келеді.

Қазақстанда мемлекеттік қызметші санаты

Қазақстанда мемлекеттік қызметші мәртебесінің екі түрі бар: әкімшілік және саяси.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер – саяси мемлекеттік қызметші құрамына кірмейтін тұлға. Бұл санатқа президент әкімшілігінің қызметкерлері кіреді. Олар: сектор меңгерушісі, инспектор, кеңесші, сарапшы, референт.

  • В тобына парламент палатасының аппараттарында, премьер-министр кеңсесінде, жоғары сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде, президенттің іс басқармасында, орталық сайлау комиссиясының аппаратында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде жұмыс істейтін адамдар кіреді.
  • В-1 санатына құрылымдық бөлімшенің басшысы кіреді. В-2 санаты құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары енсе, В-3 санатына премьер-министрдің кеңесшісі мен көмекшісі, Жоғары сот төрағасының көмекшісі мен кеңесшісі кіреді. Сондай-ақ, Конституциялық кеңес төрағасының көмекшісі мен кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы, президенттің іс басқармасы кеңсесінің бас инспекторы, орталық сайлау комиссиясының төрағасының көмекшісі мен кеңесшісі кіреді.
  • В-4 санатына премьер-министр орынбасарының, премьер-министр кеңсесі басшысы орынбасарының, президеттің іс басқармасы басшысы орынбасарының, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы орынбасарының көмекшісі мен кеңесшісі кіреді. Сондай-ақ, парламент төрағасы орынбасарының көмекшісі, Жоғары сот аппараты басшысы орынбасарының көмекшісі, сектор басшысы, бас кеңесші жатады.
  • В-5 санатына бас сарапшы, парламент депутатының көмекшісі кіреді.
  • В-6 санатына сарапшы кіреді.
  • С санатына тікелей президентке бағынатын органдарда жұмыс істейтін адамдар кіреді. Олар: орталық атқарушы орган, Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомствалары және Қазақстанның шетелдегі мемлекеттік қызметкерлері.
  • D санатына облыс әкімдігі мен мәслихатында жұмыс істейтін адамдар жатады.
  • Е тобына аудан әкімдігі мен мәслихатында қызмет ететін адамдар кіреді.

Конституциясының 40-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан республикасының президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сатынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...