Басты бет Қоғам Денсаулық "Ангинаны емдейді": Белгілі дәрігер құрттың көптеген ауруға таптырмас ем екенін айтты

«Ангинаны емдейді»: Белгілі дәрігер құрттың көптеген ауруға таптырмас ем екенін айтты

Табиғи шөптермен емдеуді жолға қойған дәрігер Сүлеймен Маралбай кәдімгі құрт жеу арқылы, денсаулықты қалай сақтауға болатынын айтты. Тәжірибелі маманның айтуынша, құрт – ангинаны емдеуге таптырмас құрал. Әрі құрт арқылы ас қорытуды жеңілдетуге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Егер ангина мазалайтын болса, күніне 5-6 түйір құрт жеген дұрыс. Өйткені, құрт жеген кезде сілекей көп бөлінеді. Ал сәлекей құрамында ауыз қуысын бактериялардан тазалайтын лизоцим бар. Құрттың құрамындағы тұз ангинаны жеңілдетуге көмектеседі»,– дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, құрт адам ағзасындағы қажетсіз майларды ыдыратады екен. Сүлеймен Маралбай құрт жеп шөлдегенде не істеу керектігін айтты.

Әрине, құртты көп жеген соң, шөлдеуіңіз заңды. Шөл қысқанда кептірілген, қанты аз алма компотын ішкен дұрыс. Компотты күнделікті ішу арқылы бүйректегі тас пен құмды түсіріп, несеп жолдарының жұмысын жақсартамыз. Адам қаны қоюланса немесе қандағы май мөлшері көбейген кезде 2-3 түйір құрт жеген маңызды. Құрт қанды сұйылтып, майды ыдыратады. Жалпы, күн сайын 5-6 құрт жеген адамның денсаулығында айтарлықтай өзгерістер пайда болатыны сөзсіз. Ауыз қуысыңыз тазарады, ас қорыту мен ангинада қиындық болмайды, тістеріңіз ағарып, бүйрегіңіз сыр бермейді. Кальций көбейіп, сүйектеріңіз қатаяды», – дейді Сүлеймен Маралбай.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: facebook.com, astanalife.kz

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...