Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы премьер-министрдің тергеуге алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда «Асқар Маминге қатысты тергеу басталды» деген ақпарат тараған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Асқар Маминге қатысты айтарым, қазір ол адамға қатысты қылмыстық іс жоқ. Агенттікте оған қатысты ешқандай іс өндірісте жоқ», — деді Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, агенттік BI Group басшыларына қатысты тергеудың басталғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз:
- Жол жөндеушілердің сапасыз жұмыстарына тоқтау салатын кез келді — Нұржан Нұржігітов
- Адасып, мазарға түнеп шыққан: Түркістан облысында жоғалып кеткен қыз табылды
- «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 18 мамырда басталады