Apple мен Google компанияларының жаңа технологиясы коронавирус жұқтырғандарды аңдуға жол бермейді, деп хабарлайды centralasian.org Techcrunch-ке сілтеме жасап.
Әлемдегі смартфон нарығының шамамен 99 пайызына бақылау орнатқан екі ірі компания телефон иелерін коронавирус жұқтырған адаммен байланыс орнатқанын ескертетін технология әзірлеп жатыр. Өткен аптада технологияның алғашқы нұсқасы сынақтан өткен.
4 мамырда компаниялар мұндай технология коронавирус жұқтырғандарды геолокациямен аңдуға жол бермейтінін мәлімдеді. Осылайша олар телефон иелерінің құқығын үкіметтен де қорғауды көздеп отыр, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Коронавирусқа қатысты бірнеше мобильді қосымша әзірлеп жатқан мамандардың айтуынша, жаңа технология вирустың қалай таралып жатқаны мен эпидемия ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Науқас коронавирус жұқтырғанын телефонға өзі белгілеуі керек, сол кезде олардың телефондары вирус жұқтырған адамның кімдермен байланыста болғанын анықтай бастайды.
Оқи отырыңыз:
- Алдыңғы оразадағы қарыз күндерді келесі рамазан айына дейін өтеу шарт па
- Қазақстан халқына масканы шешпеуге кеңес берілді
- «Шаштараз, ақша айырбастау»: Бүгіннен бастап қандай жұмыс орындары ашылды
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз