Ақмола облысында інісі ағасын пышақтап тастады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Атбасар АПБ кезекші бөліміне медицина қызметкерінен аудандық аурухананың қабылдау бөліміне оң жақта көкірек қуысында пышақ жарақаты бар мас күйінде 41 жастағы ер адамның түскені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері азаматты туған інісі жарақаттағанын анықтады. Жәбірленушінің айтуынша, ол анасы және інісімен бірге тұрады. Ер адам жұмыстан үйіне келгенде шешесі мен ағасы арақ ішіп отырған. Кешкі ас кезінде жәбірленуші де оларға қосылды. Содан соң сөзге келіп қалған інісі ағасына жұмырдық ала ұмтылады, ал ол өз кезегінде, пышақты ұстап, кеудесіне жарақат салды.

Бұлар бұрын сотталмаған адамдар екен. Күдікті бұл әрекетін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Күдіктіге қатысты 106-баптың 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: