Ресейдің Мурманск облысы Кандалакша қаласында 15 жастағы жасөспірім 11 жасар баланы өлтірмек болып қарға көміп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ресейдің тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға 21 ақпанда болды.
15 жастағы жергілікті тұрғын баланы ұрып-соғып, буындырмақ болған. Бала есінен танғаннан кейін оны қарға көміп кеткен.
Зардап шеккен баланы ересектер құтқарды. Қазір ол ауруханада, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Ал қылмыс жасаған жасөспірім ұсталды. Оған адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
- Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
- Алматы облысында митингке шығуға үгіттеген екі адам тұтқындалды (видео)
Фото pixabay.com сайтынан алынды