Бүгін Қарағанды қаласы маңында ҚР Қорғаныс министрлігінің МиГ-31 әскери ұшағы құлады. Апат болғанын ведомство өкілдері растады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.
Оқиға Қарағанды қаласының әуе айлағынан оңтүстікке қарай орын алды. Ұшқаннан кейін қозғалтқыштың біреуінен өрт шықты. Катапультпен секіруге бұйрық алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елдімекеннен алшақтау жазыққа қарай бағыттады, азаматтық тұрғындарға қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапультпен секіріп үлгерді. Ұшқыштар аман, — делінген хабарламада.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша комиссия құрылды.
Оқиға орнына бірінші болып Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің іздеу-құтқару қызметінің жасағы келді.
Ұшқыштар санитарлық авиацияның көмегімен Қарағандының медициналық мекемесіне жеткізілді.
Оқи отырыңыз:
- «Қазақстанда Польшаға арналған гуманитарлық жүк ұрланды»: Алматы әуежайының өкілдері не дейді?
- Алматы қаласында коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды
- Блок-бекеттен «Бентлимен» жүйткіп өткендер қамауға алынды (видео)
Фото: видеоның скриншоты
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз