Қарағанды облысындағы кеншілер қазасы: полиция қылмыстық іс қозғады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Абай шахтасындағы төтенше оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облысының  полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Абай ауданындағы шахтада метанның таралуына байланысты қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады полиция.

«Екі және одан да көп адамның өліміне алып келген тау және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы да қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қаза болған кеншілердің отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

«Абай» шахтасындағы төтенше оқиға

Жексенбі, 7 қарашада сағат 09:30-да Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада төтенше жағдай болды. Апат кезінде шахтада барлығы 64 адам болған. 56 адам өздері жер бетіне шыққан. Метан газы тараған 3-К10 кенжарында сегіз адам қалған. Алтауы қаза тауып, екеуі зардап шекті, олардың жағдайы ауыр.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз