Басты бет Оқиға Қылмыс Қарағанды облысында өз анасын өлтірген жігіт 10 жылға сотталды (видео)

Қарағанды облысында өз анасын өлтірген жігіт 10 жылға сотталды (видео)

Шешесін маскүнемдігі үшін жазалаған. Қарағанды облысында туған анасын алдымен ұрып өлтіріп, кейін денесін досы екеуі өртеп жіберген 21 жастағы жігіт 10 жылға сотталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

4 ақпан күні облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыға осындай үкім кесті. Қарашаның ортасында 44 жастағы әйелдің жартылай жанған мәйітін Дубовка ауылының шетінен тұрғындар тауып алған. Дәл сол түні оны туған ұлы ұрып жібергені анықталды. Күдікті анасын жазым еткенін білген соң қылмысын жасырмақ болған. Тергеу барысында ауылдықтар 21 жастағы дизайнер жігіттің шешесінің ішімдік ішуіне қарсы болғанын, нағашы әжесі екеуіне қамқорлық жасап келгенін айтқан. Алайда айыпталушының оң мінездемесі жазадан құтқармады. Ол 10 жыл бойы жоғарғы қауіпсіздіктегі абақтыда жазасын өтейді. Ал жігіттің қылмысын жасырып денені өртеуге көмектескен досы 2 жылға сотталды. Үкім 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Гүлбаршын ЖІТІКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІ-СУДЬЯСЫ:

— Облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚК-тің 99-ыншы бабы бойынша кінәлі деп таныды. Ол 10 жылға сотталып, жазасын жоғарғы қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...