Қарағандыда орталық саябақта оқыс оқиға болып, 10 жасар баланың үстіне көшедегі жарық бағанасы құлап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 3 маусым күні сағат 12:35-те болған. Ер бала саябақта велосипед айдап жүрген кезде оған бағана құлап кеткен.
Зардап шеккен жеткіншекті дереу ауруханаға жеткізген. Әзірге оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.
«Полиция фактіні тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Қарағанды облысының полиция департаментінен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде ашық жатқан элеватор резервуарына құлаған 9 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік. Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Автор: Нұрила Ермекбай
Оқи отырыңыз:
- Жандарбек Мәлібекұлы Елтаңбаны жасауға не түрткі болғанын айтып берді
- «Не деген тәрбие»: Жекпе-жек кезінде жеңісті ағасына берген бала жұрттың алғысына бөленді (видео)
- 37 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болмақ