Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Қарағанды тұрғыны екінші рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін бес жылға дейін сотталып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сенбі, 11 қаңтарда полиция қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының 37 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатты. Ол 2018 жылы соттың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылып, тағы да мас күйінде рөлге отырғаны анықталды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.

Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Бұл азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін», — деді Саламатов.

Бұл мас күйінде көлік құралын жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енгеннен кейін Қарағанды ​​облысында жасалған алғашқы құқық бұзушылық.

Полиция департаменті барлық құқық бұзушыға осындай қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Оқи отырыңыз: