Қарағандыда пакетке салынған жаңа туған сәбидің денесі табылды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қарағанды тұрғыны жаңа туған сәбидің денесін өзіне тиесілі гараждарды тазалап жүргенде тауып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

9 сәуір күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын айтқан.

Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ер баланың мәйіті екені анықталды.

Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100 «Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор: Малика Хадид

Оқи отырыңыз: