Басты бет Оқиға Қарағандыдағы дүлей дауылда 19 жастағы бойжеткен мерт болды

Қарағандыдағы дүлей дауылда 19 жастағы бойжеткен мерт болды

Дүлей дауыл Қарағанды тұрғындарын әбден әбігерге салды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қатты жел көшедегі ағаштар мен 18 ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Төтенше жағдайдың кесірінен 19 жастағы бойжеткен көз жұмды.

Қайғылы жағдай Топар су қоймасының аумағында болған. Дауыл басталар кезде қыз үрмелі төсенішпен суда жүзіп жүрген екен. Желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жеткендіктен, судан шығып үлгермеген. Соның салдарынан матрас аудалып, қыз суға тұншығып қаза тапты.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кесірінен шаһардың ірі аудандары мен облыстың жеті елдімекені жарықсыз қалған. Қазір жергілікті билік электр жарығы қайта қосылғанын хабарлады. Әйтсе де коммуналдық қызметтер мен апаттық бригадалар дауылдың салдарын жоюмен әліде айналысып жатыр. Сонымен бірге желден келген шығын есептелуде.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

— Облыста түрлі ғимараттың шатырлары қирап, 18 оқиға тіркелді. Оның ішінде білім беру мекемелері де бар. Тұрғын үй, мәдинет үйі және адам көп жиналатын бизнес мекемелері де бар. 45-тей тал опырылып, 11 жеңіл көлік зардап шекті.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 2021 жылдың...

Президенттің кредиттерді кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны рас па

Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының барлық қарыздары мен кредиттерін кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды...

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik...

Депутат 400 мыңнан астам зейнеткерге үстемеақы төлеуді ұсынды

"Ақ жол" фракциясының депутаттары 1945 жылдың 9 мамырына дейін туған және тылда еңбек еткен азаматтардың зейнетақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутат Ерлік...

Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы

Синоптиктер 13-15 мамырға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 13 мамырда еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады. 14 мамырдан бастап республикамыздың көп...

Ashyq қосымшасы: Нұр-Сұлтан әуежайының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Әлеуметтік желілерде Ashyq қосымшасын енгізгеннен кейін Нұр-Сұлтан әуежайында пайда болған ұзын-сонар кезектің видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты елорда әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп...

Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойған ер адам көпірден секіріп кетті (видео)

Елордада мас күйде болған ер адам "Қазақстан" спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті. Тәртіп сақшылары азаматты құтқарып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қалалақ полиция департаментінің хабарлауынша,...