Басты бет Оқиға Қарағандыда жас қыз көпірден секіріп кетпекші болды (видео)

Қарағандыда жас қыз көпірден секіріп кетпекші болды (видео)

Қарағандылық полицейлер аспалы көпірден секіріп кетпекші болған жас қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуір күні кешкілік құрамында полиция қызметкерлері Рауан Оразбеков, Аман Әбілдә және Елубай Насурллаев бар автопатруль төтенше жағдай режимін сақтау шаралары бойынша Бұқар-Жырау даңғылының бойында қызмет атқарып тұрған.

Сағат 21.40 шамасында, олардың жанына инкассатор көлігі тоқтап, көлік жүргізушісі көпірдің үстінен өткенін және ол жерде бір адам көпірден секірмекші болып тұрғанын хабарлаған.

Патрульдік жасақ қызметкерлері аталған оқиға бойынша жедел басқару орталығына хабарлап, полицей Рауан Оразбеков автокөлікпен бірден сол жаққа бағыт алса, оның әріптестері Аман Әбілдә мен Елубай Насурллаев жаяу адамның көпірдің қай бетінде тұрғанын анықтауға кіріскен. Полиция қызмектерлерінің көлігін көрген қыз олардың қасына жақындамауын талап етіп, өзін төменге тастап жіберетіндігін айтқан.

“Оқиға орынына келгенімізде азаматша көпірдің темірінен ұсталып, төменге қарай секірмекші болып тұр екен. Біз оның ондай әрекетке бармауын сұрадық. Дегенмен ол айтқан бетінен қайтпайтынын айтып, жылаумен болды. Оның өмірін сақтап қалу мақсатында әріптесім, Елубай әңгімеге тартып, көңілін бөліп тұрды. Мен болсам, оны қалай да аман алып қалу мақсатында жанына жақындадым. Бір сәтте ол қолын темірден алып өзін төменге тастап жіберуге оқталған сәтте ұстап қалуға мүмкіндігім бар екенін сезгеннен кейін оның екі қолынан шап беріп ұстап алдым”, -дейді полиция лейтенанты Аман Әбілдә.

Осыдан кейін қос полицей қыз баланы қауіпсіз жерге шығарып, не үшін бұндай қадамға бармақшы болғанын анықтауға тырысқан. Бірақ, жылаудан басқа тәртіп сақшыларына еш нәрсе айтпаған 19 жастағы қызды жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Қазіргі таңда ол азаматшамен психолог мамандар жұмыс жасап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Фото Polisia.kz сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...