Басты бет Қоғам Арман Шораев қолхатпен босатылды

Арман Шораев қолхатпен босатылды

Президент жанындағы ұлттық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі, қоғам белсендісі Арман Шораевты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты. Бұл ақпаратты оның адвокаты Джохар Утебеков растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Иә, Арманды ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шығарды. Қамауға алған жоқ. Іс әлі аяқталмады», — деді Утебеков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен жұма, 18 сәуір күні Арман Шораев ұсталған болатын. Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, оның ұсталуына Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-тармағында (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс негіз болған. Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан.

Өз әрекетімен Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір нұқсан келтірді, деп мәлімдеді Алматы полициясы.

Арман Шораев Қарағанды қаласында ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген болатын.

Оқи отырыңыз:

Фото: Facebook Джохар Утебеков

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...