Үкімет басшысы Асқар Мамин 20 мамырдан бастап Қазақстанда Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге рұқсат беруді қарастыратын қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа құжат 20 мамырдан бастап күшіне енеді.
Үкімет қаулысында атап көрсетілгендей, ішкі істер министрлігі биылғы 1 қыркүйекке дейін Армениядан әкелінген сол жақ рөлді автокөліктерді тіркеу бойынша шаралар қабылдауы қажет. Сондай-ақ министрлікке көлік құралдарын тіркеу кезінде берілетін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің типін бекіту тапсырылды.
Айта кетейік, жаңа ереже елге 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген автокөліктерге ғана қатысты.
Премьер-министр қаржы және ішкі істер министрліктеріне Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары мен ҚР заңнамасын бұза отырып, елге 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін Армениядан көлік құралдарын әкелген азаматтарға қатысты шаралар қабылдауға тапсырма берді.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік құралын тіркеуді жүзеге асыру кезінде Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарын тіркеу құжаттарының түпнұсқаларын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін меншік иелері сұрағанға дейін сақтауды және көлік құралдары республика аумағынан тыс жерлерге шығарылған жағдайда оларды беруді қамтамасыз етсін», – делінген құжатта.
Сонымен қатар, Бас прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін ішкі істер органдарының басқа елдердің уәкілетті органдарында тіркелген көлік құралдарымен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы мәліметтерге, олардың иелері және оларды жүргізетін адамдар туралы деректерге қолжетімділігін ұйымдастыру үшін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» және «Бүркіт» ведомстволық ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Оқи отырыңыз:
- Мал шаруашылығын дамыту жобаларына басымдық беріледі
- Орман арасынан 56 дана су жаңа Toyota Camry табылды
- Жүргізушілердің тек бір құжатпен жүруіне рұқсат етілуі мүмкін
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз