Қарсыласының әрекетіне көңілі толмаған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады — видео

129
Фото: видеоның скриншоты

Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Оренбургтың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат болгариялық «Славиямен» жолдастық матч кезінде жанжал шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойынның 78-ші минутында Қуат жерге құлаған қарсыласынан допты алып қоймақ болады. Осы кезде оны «Славияның» өзге ойыншысы итеріп жібереді. Жанжал ұзаққа созылған жоқ.

Ресейлік клуб 2:3 есебімен жеңілді. Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Бұл қазақстандық футболшының ресейлік премьер-лига клубындағы осымен екінші ойыны.

Еске сала кетсек, Қуат «Оренбургке» ерікті агент ретінде өткен жылдың соңында қосылған болатын. Бұған дейін ол алматылық «Қайрат» құрамында өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз: