Қару кезенген қарақшыға тап берді: павлодарлық бойжеткеннің әрекеті видеоға түсіп қалды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 22 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 наурыз күні ер адам қорқыту арқылы сатушыдан 120 мың теңгесін алып кеткен.

«Полицейлердің жедел іздестіруі нәтижесінде қылмыс бір сағат ішінде ашылды. Ал 22 жастағы Павлодар облысының тұрғынынан ұрланған қаражат тәркіленді», – деді ведомство басшысы Нұрлан Мәсімов.

Сонымен қатар, полицейлер ер адамның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.

Күдікті сол күні Кенжекөл ауылындағы «Керемет» дүкеніндегі сатушыға қару кезеніп, ақша алуға ұмтылған. Алайда бойжеткен өз өмірін қатерге тігіп, қарақшының тонауына мүмкіндік еш бермеген. Бейнеқабылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)

Аталған фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: