Басты бет Оқиға Қару-жарақ ұрланған әскери бөлімде не болып жатыр

Қару-жарақ ұрланған әскери бөлімде не болып жатыр

Қазақстанның қорғаныс министрлігі 19 ақпанда келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші ірі көлемде қару-жарақ ұрлап, қашып кеткен әскери бөлімде бақылауды күшейту шараларын қабылдады. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды

Оның айтуынша, кіші сержант Абылай Балғынбай қашып кеткеннен кейін әскери бөлімде сарбаздарды даярлау және оқу-жаттығу жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр. Дегенмен тергеу барысында бөлімді бақылау шаралары күшейтілді.

«Қазір барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Бөлім әдеттегі режимде жұмыс істеуде. Тергеу шараларын қамтамасыз ету үшін осы әскери бөлімге кіруге рұқсат беру шаралары күшейтілді», — деді министрдің орынбасары мәжіліс кулуарында.

Бақыт Құрманбаев әскери бөлімнің тәулік бойы бақыланып жатқанын, сондықтан тәртіп сақшылары ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтау үшін барлық жазбаны қолдана алатындығын хабарлады.

Бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрлігі 20 ақпанға қараған түні келісімшарт бойынша жұмыс істейтін сержант Абылай Балғымбай әскери салаға қатысы жоқ 1995 және 1996 жылдары туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша және екі қару пышағын ұрлап кеткенін хабарлаған болатын.

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қару-жарақ әскери бөлімнен бір уақытта шығарылмағанын растады. Ұрлық қаңтар айының соңынан ақпанның ортасына дейін жасалған.

ҰҚК мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен жедел-тергеу тобы ұрлық жасағандарды ұстап, қаруды тәркілеп алды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...