Басты бет Қоғам Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды

Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды

Балалар омбудсмені Аружан Саин екі жылға дейін той өткізуге тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғам қайраткері өз ұсынысын Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен өзге де көптеген ғалымдардың әлемдік пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжағандарын атап өтті.

«Өткен тұмау індеттерінің даму қарқыны мен коронавирустың таралу жылдамдығын негізге ала отырып, ғалымдар COVID-19 инфекциясы алдағы бір жарым-екі жылға дейін басылмайды деген қорытындыға келді. Егер адамдар жаппай вирус жұқтырып жатса, ешқандай денсаулық сақтау жүйесі мұндай жүктемені көтере алмайды. Егер адамдар байланыс көп орнайтын түрлі тойлар мен жиындарға қатысып, сосын жұмысқа келсе, ешқайсымыз қауіптен сақтана алмаймыз», – деді Саин.

Ол сондай-ақ бұл мәселенің балабақшалар мен мектептердегі балаларға да қатысты екенін атап өтті.

«Иә, балалар инфекцияны жеңіл өткізеді, алайда, коронавирустың нақты салдарын ешкім білмейді. Бірақ балалар COVID-19 инфекциясын тасушы бола алады, сол арқылы вирусты жақындарына, ересек адамдарға, аталары мен әжелеріне жұқтыра алады», – деді қоғам қайраткері.

Ол сондай-ақ адамдардың той секілді іс-шараларға нисие алса, пандемияға байланысты қалыптасқан экономикалық дағдарыс жағдайында қарыздарын қайтара алмайтынын жеткізді.

Фото: facebook.com/aruzhan.sain

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...