Басты бет Оқиға Қылмыс Арыс қаласында 10-шы сыныптың оқушысын пышақтап тастады (видео)

Арыс қаласында 10-шы сыныптың оқушысын пышақтап тастады (видео)

Түркістан облысында оқушы мен студент арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды. Оқиға Арыс қаласында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көп қан жоғалтып, түнделетіп жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген 16 жасар Эльхан Махсумов Арыс ауруханасында жатыр. Бес рет пышақталған 10-шы сынып оқушысына дәрігерлер бірнеше ота жасапты. «Дер кезінде келмегенде, өліп кетуі әбден мүмкін еді», — дейді дәрігерлер.

Талғат Тәжіметов, Арыс аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

— Пышақ тыққан жері: жамбасының орта жерінде біреу, санының артқы бөліміне төрт жерден тыққан. 3,5,7 сантиметрлік терең, орташа жарақат.

Палатада жатқан Эльхан мен жанындағы анасы камераға ашық сөйлегісі келмесе де, болған жәйтті айтып берді. 10-сыныптың оқушысына өзінің танысы әрі құрдасы колледж студенті тиісіпті. Күші мығымырақ Эльхан оны төбелесте жеңген. Бірақ «жеңілген күреске тоймас» деген қарсыласы 10-сыныпта оқитын өзге  үш оқушыны көмекке шақырады. Түнделетіп Эльханды  дүкеннің жанында күтіп алып, бәрі жабылады. Бұл кезде Эльханның қасында досы болған екен. Екеуі қашпақ болғанда Эльханды қуғыншының бірі пышақтап тастаған. Ал төбелеске екі шәкірті қатысқан мектеп басшысы  оқушыларын мақтап отыр.

Мейіркүл Асқарова, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры:

— Ілес Заңғар көзі көгеріп үйіне барады. Үйінде анасы 102-ге хабарласпақ болған, бірақ хабарласпайды. Туысқан ағасына айтып, «баланы ұрып кетті» деген хабар жетіп, алты бала содан жинақталған деп естідім. Арасында менің екі оқушым да ілесіп отыр.

— Досының кегін қайтармақшы болады ғой?

— Сондай сипатта боп тұр ғой, өйткені бір-бірін таниды. Ол көрші мектепте оқыған.

Төбелеске қатысқан 16-17 жастағы балалардың барлығының бұрын-соңды тәртіпсіздігі болмапты-мыс. Еш жерде есепте жоқ. Дегенмен полицейлер қазір суық қаруға жақын 16 жастағы оқушыны тергеуде.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:

— Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына қамауға алды. Қазір аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 24-бөлігі, 99 бабы – «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Енді тым ауыр баппен тергеліп жатқан кәмелет жасына толмаған ұлдың тағдырын сот шешетін болады. Оның жанындағы оқушылардың да жазаға ілінер-ілінбесі белгісіз. Әзірге анығы, 18 жасқа да толмай кешқұрым көше кезген балалардың ата-анасына әкімшілік айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...