Басты бет Қоғам Арыс тұрғындарына 100 мың теңгенің банк карталары беріліп жатыр

Арыс тұрғындарына 100 мың теңгенің банк карталары беріліп жатыр

100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді, деп хабарлайды MediaWorld.kz  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкенттен «Халық банкінің»120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.

«Осы уақытта 33 мың банк карточкасы жасалды. Еліміз егемендігін алғанан бері дәл бұлай, бір айдың ішінде осыншама құжат жиналып, 33 мың карточканы дайындау деген болған емес. Қазіргі таңда сол дайын болғандары таратылып жатыр. Бірақ әзірге ақша салынған жоқ. Яғни, 100 мың теңгені 12 тамыздан бастап ала алады. Ал қазіргі негізгі жұмыс карточканы тарату. Демек, барлығы түгел қол жеткізгенде ақшаны түсіреміз. Ең көп 9 секторда 3771 құжат жиналған. Қаланы көше-көшеге бөлдік», – деді облыс әкімінің орынбасары Аманбаев.

Елді сабырға шақырған жауапты басшылар, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беретін, арнайы комиссия жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Ал тізімге кірмей қалған оқушылар, мектептер арқылы анықталып жатқаны белгілі болды.

«Айта кетейік, өтемақы қаржыны Республика көлемінде «Халық банкінің» кез келген банкоматынан алуға болады. Қаржының түскен немесе түспегенін анықтау үшін, карточканы банкоматта 3-реттен артық қолдануға болмайды. Себебі 3 реттен артық қолданған жағдайда банктік комиссия төлемі ұсталады. Сонымен қатар сот шешімдерімен қарыздары болған азаматтарға төлем карточкалары ашылмайды. Мұндай жағдайда азамат сенімді өкіліне нотариалды сенім білдіре отырып, өтемақыны сенім білдірген өкілі арқылы алуына болады. Ал үйлерінде болмаған азаматтар карточкаларын 2019 жылдың 15 тамызынан бастап, Арыс қалалық «Халық банк» филиалдарынан алуына болады. Карточкаға түскен қаржыдан банктің комиссиялық төлемдері ұсталмайды. Жалпы, бүгінде таңда Арыс қаласында халық банкінің 12 банкоматы қойылған. Сонымен қатар қосымша тағы 7-8 банкомат орнатылмақ», — делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...