Арыс және Отарда оқ-дәріні жоюға бөлінген миллиардтарды ұрлаған

Фото: pixabay.com

Оқ-дәріні жойып жүріп, бюджет ақшасын жымқыруды да жүйелі түрде жолға қойған. Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнологиялар» ұйымында 1,7 миллиард теңгені жымқыру дерегіне қатысты іс қозғады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Арыс және Отар әскери бөлімдеріндегі оқ-дәрілерді жоюға бөлінген миллиардтарды қалталарына басқан. «Қазтехнологиялар» ұйымы оқ-дәрілерді жоюмен және оқ шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы. Жымқыру дерегі 2013 жылдан бері жүзеге асқаны белгілі болды. Аталмыш компания басшылығына байланысты қылмыстық істің толық деректері әзірге тергеу амалдарына орай жарияланбай отыр.

Болат Қамитов, Экономикалық тергеу департаменті бірінші тергеу басқармасының басшысы:

— «Қазтехнология» акционерлік қоғамында лауазымды тұлғалардың 1,7 миллиард теңге жымқырғаны анықталды. Бұл заңсыз әрекет оқ-дәрілерді жою барысында жүзеге асқаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды