Басты бет Аймақтар Түркістан облысы Арыста қандай істер атқарылып жатыр?

Арыста қандай істер атқарылып жатыр?

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында болған жарылыстан кейін қаладағы үйлер қалпына келтіріліп жақанымен қатар, тұрғындарға бір реттік өтемақы төленді. Мұндай оқиғаны пайдаланып, әлеуметтік желіде араңдатушылық туғызды деген күдікпен 10 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды MediaWorld.kz   Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қала 17 секторға бөлініп, әр секторға облыс, қалалардан жауаптылар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Арыс қаласында 8551 жеке тұрғын үй мен 104 көп қабатты үй бар. Жарылыс салдарынан 7101 жеке тұрғын үй мен 100 көп қабатты үйге зақым келсе, 428 жеке тұрғын үй мен 3көп қабатты үй жарамсыз деп танылды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 7527 жеке тұрғын үй мен 103 көп қабатты үйге ақау актілері жасалып, 2482 үйде жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көп қабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге 5076 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, табысталды. Әрбір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, облыс аудандарынан 315жұмысшы тартылып, жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда 101 жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары басталған жоқ. Оның 53 де үй егелері келісім бермеген.

Ал шаһардағы 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның ішінде 53 білім беру мекемесі, 8-денсаулық сақтау, 4-спорт, 1-даңқ аллеясы бар. Бүгінгі таңдағы есеп бойынша  облыстардан 7076, аудандардан 294 адам құрылыс жұмыстарына тартылған.

Полиция департаментінің жеке құрамы қазіргі таңда Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың мүліктерін қорғау бойынша жұмыстар атқаруда. Осы іс шараларға жалпы 320 полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Әрбір секторға облыстағы қалалық, аудандық әкімдіктердің бекітілуіне сәйкес, осы ауданнан келген 15 полиция қызметкері бөлінген. Әрбір сектор бойынша қызметкерлер тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асыруда.

Арыс қаласаның тұрғындарына бір реттік өтемақы төлеу мәселесі бойынша 57171 тұрғынның мекенжайы расталған. 18 жастан асқан 32351 тұрғынына төлем карточкалары және 1692 тұрғынның ағымдағы есеп шоты қолданыста болуына байланысты жалпы 34007 тұрғынның өтемақы алуға есеп шоттары дайындалды.

Төлем карточкалары әр секторларда 5 тамыздан бастап «Халық банкі» АҚ бөлімшелері қызметкерлерімен төлем карточкалары таратылды. Аталған жұмыстарды Жамбыл, қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласаның «Халық банкі» АҚ бөлімшелерінен барлығы 120 қызметкерлер атқарды.

12 тамыздан бастап төлем карточкалары 9 және 15 секторларда таратылуда. Өтемақы қаржысы төлем карточкалары толығымен таратылып болған соң аудару жоспарлануда. Қала аумағында «Халық банкі» АҚ-нің 10 банкоматы орналасқан болса, қосымша Спорт кешені ғимаратына 8 банкомат уақытша орнатылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлерімен тәулік бойына нарядтар қойылды.

Түркістан облысының полицейлері жалған ақпарат таратудың 4 жайтын анықтады.
​Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы жарылыстан кейін белгісіз біреу әлеуметтік желі арқылы арандатушылық сипатта жалған ақпарат таратқан болатын. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде полицейлер жалған ақпарат таратудың 4 жайтын анықтап, Арыс Полиция бөлімшесіне 10 күдіктіні жеткізді. Олардың барлығы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Бұдан бөлек 08.08.2019 жылы Арыс қаласы Мадалиев көшесі №66 үй тұрғыны 1962ж Жумабаев Ерсінбай Жидебайұлы өз үйінде құрылыс жұмыстарының жүрмей жатқандығы туралы №12 сектор штабына келіп өз шағымын білдірер кезде, осы сектордың қызметкелеріне сыйламаушылық білдіріп, былапыт сөйлеп ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабындағы көзделген құқық бұзушылыққа жол бергені үшін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толытырылып, жинақталған іс құжаттар Арыс аудандық сотына жолданады.

Ал 10.08.2019 жылы Арыс қаласы Досқараев көшесі №16 үй тұрғыны 1976 ж Дүйсебаев Амангелды Арыстанбайұлы өзінің үйіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізіп жүрген, Ақтөбе облысы әкімдігінің құрылыс бөлімінің бас маманы азамат Жұмажанов Айдар Жұмажанұлымен сөз арасында келіспеушілік туындап, азамат А.Ж. Жұмажановқа қол көтеріп, күш жұмсаған. Азамат А.А Дүйсебаев өзінің осы заң бұзушылық іс-әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабындағы көзделген құқық бұузышылыққа жол берген. Осы құқықбұзушы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бузшылық туралы хаттамасы толтырылып, жәбірленуші  А.Ж Жұмажановтың алған дене жарақатына байланысты сот дәрігерлік сараптама тағайындалды. Жинақталған іс-құжаттар Арыс аудандық сотына жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...