Басты бет Оқиға Арыстағы жарылыс: Бір айдан бері комада жатқан 8 жасар бала көз жұмды

Арыстағы жарылыс: Бір айдан бері комада жатқан 8 жасар бала көз жұмды

Арыстағы жарылыстың салдарынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

8 жастағы Аян Шарипбаев Нұр-Сұлтандағы № 2 балалар ауруханасында комада жатқан. Бала 2 тамызда сағат 9.20-да қайтыс болды.

Белгілі болғандай, 24 шілдеде Арыстан тұрғындары эвакуацияланып жатқан кезінде Аянды машина қағып кеткен.

Санавиация бортымен бала Нұр-Сұлтанға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оның жағдайына алаңдаушылық білдірген болатын. Өкінішке орай, ол бүгін көз ашпай кетті.

Еске сала кетсек, 24 мауысда Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімше жарылып, қала тұрғындары жаппай эвакуацияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  - Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы...

Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды! Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан халқына тиесілі екенін азаматтар түсінуі керек. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды...

«Біздің облыстың патриоты емессіздер»: Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik...

Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып...

«Ауыл тұрғындары қиналып жүр»: Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. "Облыстағы...

Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қаржы...