Басты бет Саясат Президент Арыстағы жарылыс: қорғаныс министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді

Арыстағы жарылыс: қорғаныс министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің Қазақстан әскерінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды MediaWorld.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою туралы баяндады. Әскери ведомство басшысының айтуынша, еліміздегі барлық оқ-дәрі қоймаларына тексеру жүргізілген. Нәтижесінде аталған нысандарды қажетті қауіпсіздік деңгейіне жеткізу және оңтайландыру жоспары дайындалған.

Қорғаныс министрі ведомствоның орталық аппаратының қызметіне функционалды талдау жүргізудің бірінші кезеңі туралы есеп берді. Оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде министрліктің, бас штабтың және әскери басқарманың жергілікті органдарының 300-ден аса штаттық бірлігі оңтайландырылды. Соның есебінен 2020 жылдан бастап жыл сайынғы үнем 450 миллион теңгеден асатын болады. Бұл қаржы әскери құрамды материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағытталады.

Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезекті әскер қатарына шақыру науқанының қорытындылары, қысқы оқыту маусымына дайындық және әскери техникаларды қысқы режимге көшіру жөнінде мәлімет берді. Бұдан бөлек әуе қорғанысы мен әскери-теңіз күштерін дамыту, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық, сондай-ақ, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қарулы Күштерін қазіргі заман талабына сай жасақтауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...