Басты бет Соңғы жаңалықтар Асқар Мамин Алматыға барды

Асқар Мамин Алматыға барды

Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді, деп хабарлайды MediaWorld.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жол инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.

ҚР премьер-министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары І. Өсеров қаланы дамыту жобалары туралы баяндады.

ҚР премьер-министрі мемлекеттік органдарға қаланың Қазақстан экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудандары мен Алматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен ірі қалалардың шеткері аймақтарының мәселелерін жыл сайын шешуге 30 млрд теңге, оның ішінде Алматы қаласының шеткері аймақтарына 10 млрд теңге бөлінді.

«Агломерация тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру қала мен облыстың 730 мыңнан астам тұрғынын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

ҚР премьер-министрі кеңес қорытындысы бойынша қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қ. және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелес аумақтарды дамыту бойынша іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың қажетті шараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

«Біз Алматы қ. мен Алматы облысында бірлескен жобаларды іске асырудан синергетикалық нәтиже алуымыз керек. Ол үшін Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасын әзірлеу керек», — деп А. Мамин, түрлі бағыттарда – энергетика, көлік, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларын дамытуда бірлескен жобалардың тізімі құрылғанын атап өтті.

ҚР Үкіметінің басшысы қала мен облыстағы халық санының өсуінің жоғары қарқынына байланысты дамудың өзекті мәселелерін шешіп, сол арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қ. мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.

ҚР Үкіметінің басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытында болып, Алматы қ. құрылысының жаңа жобасымен, қаланың құрылыс индустриясын дамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Аюсай шатқалын тазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...