Басты бет Экономика Қаржы Асқар Мамин Ресейдегі миллиардер әйелмен кездесті

Асқар Мамин Ресейдегі миллиардер әйелмен кездесті

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды, деп хабарлайды MediaWorld.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Татарстанда Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Екі елдің Премьер-Министрлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин негізін салып, дамытқан стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар биыл сәуір айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

Үкіметаралық келіcсөздер сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі арттыруға, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды. Кездесуде сонымен қатар шекара маңы және интеграциялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Ресей — Қазақстанның басты сауда серіктесі. Өткен жылы екі жақты сауда көлемі 13%-ға артып, $18,5 млрд-қа жетті. 2019 жылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тауар айналымы $8,8 млрд құрады.

«Жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің бизнес-қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ, үшінші елдер нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет», — деп Асқар Мамин, ресейлік нарыққа 60-тан астам позиция бойынша қазақстандық тауарларды жеткізудің жоғары әлеуетін атап өтті.

Қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі — өнеркәсіптік кооперация.

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Татарстанның алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік кәсіпорындарын, атап айтқанда, «КАМАЗ» ЖАҚ-ты аралады.

ҚР және РФ-тің өнеркәсіптік кооперация саласындағы Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында «Агромашхолдинг KZ» қазақстандық компаниясы мен «КАМАЗ» бірлесіп бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, оның ішінде жүк автомобильдерінің белдіктерінің редукторларын және арнайы техника өндіретін зауыт құрылысы бар.

Бұған қоса, Асқар  Мамин «Татнефть» компаниялар тобына кіретін «Танеко» мұнай өңдеу зауытына барды. Татарстан астанасында ҚР Үкіметінің басшысы Қазан тікұшақ зауытында болып, «Химград» технополисін аралады.

Қазанда Асқар Мамин «Wildberries» жетекші ресейлік халықаралық интернет дүкенінің бас директоры Татьяна Бакальчукпен кездесу өткізді, онда компанияның Қазақстанда сауда-логистикалық орталықтарды салу және бизнесті кеңейту жөніндегі жоспарлары талқыланды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Wildberries» компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, АХҚО қатысушысы ретінде  «Wildberries» тіркелу туралы сертификат берілді.

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен бірге «WORLDSKILLS  KAZAN 2019» чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Чемпионат қарсаңында Асқар Мамин WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберліктен Қазақстанның ұлттық құрамасымен кездесіп, оларға жарыстарда сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ІІМ басшысы: «Бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамаймыз!

«ІІМ қызметі қызметкерлерге жоғары талаптар қоятын "күрделі" мамандықтардың бірі, өйткені адамдардың тағдыры олар қабылдаған шешімдерге байланысты болады. Сондықтан олар белгілі бір дәрежеде қоғам мүддесін...

«Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

Жобаның жүзеге асырылып жатқан екі жылы ішінде 275 елдімекенде жаһандық желіге шығатын 717 байланыс нүктесі орнатылды. Жоба бойынша  2021 жылға дейін жалпы ұзындығы 5,6...

«Бұйыртса, енді оралман емес, қандас дейміз – министр

"Оралман" сөзін "қандас" дегенмен алмастыру жайы талқыланып жатыр", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжілістен тыс дәлізде журналистерге берген...

Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап, өлтірді

Алматы облысының Шелек ауылында ит баланы талап, өлтіріп тастады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға 30 қарашада болды. Жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған бала - екінші сыныптың...

Тоқаев елордада жастармен кездесіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Президент қазақстандық жастармен кездесу үшін...

Құрманғазы оркестрі Қытай астанасында концерт өткізді

5 желтоқсанда Бейжің қаласында Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлы дала сазы» атты Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар...

Балқашта 7 жасар қыз үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздады (видео)

Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде...