Басты бет Оқиға «Қасақана өлтірілді»: Мысырда Қазақстан елшілігінің қызметкері қайтыс болды

«Қасақана өлтірілді»: Мысырда Қазақстан елшілігінің қызметкері қайтыс болды

Мысырда Қазақстан елшілігінің мәдениет бөлімінің екінші хатшысы қайтыс болды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған деген ақпарат бар. Алайда туыстары бұған сенбей отыр. Сөздерінше, Еламан Жолдасовты біреулер қасақана өлтірген. Әділдік іздеген бауырлары Тоқаевқа ашық хат жолдады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 13 желтоқсанда Каир қаласында болған. Марқұмның бауырының сөзінше, жұмыс уақыты кезінде Қазақстан елшілігінің мәдениет бөлімінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың қайтыс болғаны туралы суық хабар алады. Мысыр елінің мамандары сараптаманың қорытындысы шықпай жатып, қазақстандықтың өз-өзіне қол жұмсағанын айтып отыр.

«Нақтылай айтып кететін болсам 13 күні қасақана өлтірілді деген мәлімет алған болатынбыз, арадан көп уақыт өтпей 14 күні экспертизаның шешімінсіз өз-өзіне қол жұмсады деген қисыңға сиғысыз мәлімет беріліп отыр. Еламан бауырымның, бізге жеткен мәліметтер бойынша, оның аяқ қолы байланғанын және де денесінде қан болғанын кісі қолынан қасақана өлтірілген белгілері айқын көріністе табылған. Және мойнында күрме байланған жіп болған, тіпті арқасында жырықтар болғаны расталады», – дейді марқұмның ағасы.

Осы белгілерге қарамастан сол елдің мамандары қазақстандықты суицид жасады деп отырған көрінеді. Ашынған бауырлары ендігі үміт ел президентінде деп, ашық хат жолдады.

«Құрметті Қасым Жомарт Тоқаев,елі үшін жер асып,ұлты үшін аянбай еңбек етіп ,ілім мен ғылым жолында жүрген бауырымның ондай іске бармастығына сенім білдіре отырып. Жолдасов Еламанның өлімі жөнінде әділ шешім шығаруын және өз қадағалауыңызда ұстауыңызды өтінеміз», деп жазады Нұрлан Жолдасов.

Айта кетейік, Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты сараптамының қорытындысы әзірге шыққан жоқ.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...