Қаскелең қаласындағы бес қабатты үйлердің бірінде газ жарылып, бір бала қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін түскі сағат 13:15-те Қаскелеңдегі Төле би көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды.

«Салдарынан пәтердегі бөлмелерді бөліп тұрған қабырға опырылып құлаған, өрт болмаған. 2009 жылы туған бала оқиға орнында мерт болды. 7 адам түрлі дене жарақатын алды. Оның үшеуі бала», — делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қалалық өртке қарсы қызмет мамандары газ жарылған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- «Көшіп кеттік…». Өгей әкесінен жүкті болып қалған оқушы қыздың шешесі өз шындығын айтты
- Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады
- Қостанайда несиесін жаба алмаған жігіттер кәсіпкерді тонаған