Қазақстандық «Астана» футбол клубы қатысатын Конференция лигасы негізгі кезеңінің матчтары қашан өтетіні белгілі болды. Кесте УЕФА ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еурокубоктың негізгі кезеңі 2 қазанда басталады. «Астана» 3 қазанда Сербияның «ТСЦ» футбол клубына қарсы өз алаңында ойнайды.
- 3 қазан. 21:45 «Астана» – «ТСЦ» (үйде);
- 25 қазан. 00:00. «Нью-Сейнтс» – Астана (сырт алаңда);
- 7 қараша. 21:45. «Пафос» – «Астана» (сырт алаңда);
- 28 қараша. 19:30. «Астана» – «Витория» (үйде);
- 12 желтоқсан. 19:30. «Астана» – «Челси» (үйде);
- 20 желтоқсан. 00:00. «АПОЭЛ» — «Астана» (сырт алаңда).
Айта кетейік, әзірге «Астана» өз алаңындағы матчтарын қайда өткізетіні белгісіз. Қазіргі уақытта клубтың бас стадионы «Астана Арена» жөндеу жұмыстарына жабылған, команда еурокубок ойындарын Алматының Орталық стадионында өткізеді.
Автор: Нұрила Ермекбай