Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн-мектебін іске қосады. Investors School — бұл бизнес иелері және инвесторлар үшін венчурлық инвестициялау бойынша қарқынды оқыту курсы. Оқыту курсы 12-14 қазан аралығында ZOOM онлайн-платформасында өтеді.
Курс бағдарламасы технологиялық компанияларды бағалау және инвестициялау әдістемесі туралы тұтас идеяны қалыптастыруға бағытталған.
Қатысушылар үшін басты шарт — меншікті капиталдың болуы және венчурлық қаржыландыру саласында жаңа білімге ұмтылу, инвестиция салуды бастау ниеті. Курсқа капиталы бар ірі бизнес иелері, инвестициялық мәмілелерде тәжірибесі жоқ; бизнес-періштелер, корпоративтік сектордың топ-менеджерлері, табысты кәсіпкерлер қатыса алады.
Бағдарламаның екі ағынының қорытындысы бойынша инвестор мектебінде 81 инвестор мен бизнес-періштелер оқытылды. Investors School-ға қатысу үшін барлығы 580-ден астам өтінім қабылданды.
Investors School-ға қатысу үшін өтінім берудің ақырғы мерзімі:
- 3 ағында қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі: 9 қазан.
- 4 ағында қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі: 5 қараша.
Investors School-ға тіркелу
Онлайн-инвесторлар мектебінің түлектері оқу қорытындысы бойынша осы жылдың 13 қарашасында ZOOM онлайн платформасында өтетін Astana Hub-тан эксклюзивті Invest Day-ға шақыру алады. Invest Day — бұл инвестициялық тартымды стартаптар мен технологиялық жобаларға қаражат салуға дайын венчурлық инвесторлар үшін бизнес-платформа.
Стартаптарға қойылатын негізгі талаптар — технологиялық шешімнің, жұмыс өнімі мен клиенттердің болуы. Стартап саласында шектеулер жоқ. Қазақстанның экожүйесінің үздік он стартабы әлеуетті инвесторлар мен бизнес-періштелер алдында жобаның презендациясын жасайды. Іс-шараға қатысу сіздің жобаңыз үшін инвестор табуға мүмкіндік береді.
Invest Day шарасына қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі — 1 қараша.
Invest Day шарасына тіркелу: https://investschool.astanahub.com/investday
Оқи отырыңыз:
- Денсаулық сақтау министрі вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты
- Жамбыл облысында жеке кәсіпкер туған ауылына 102 млн теңге көлемінде көмек көрсетті
- Бір үйір жылқыны іздеуге шыққан: Атырау облысында фермер шұңқырдан өлі табылды