Еліміздің Төтеше жағдайлар министрлігі Астана қаласының іргесіндегі 80 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды», — деп хабардар етті ведомстводан.
Айта кетейік, 21 маусымда Астана қаласының өрт сөндірушілері елорда іргесінде қураған шөп өртін сөндіру жұмысын жалғастырып жатқаны, өрттің аумағы 80 гектарды құрағаны хабарланған еді.
Сөндіруге барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Автор: Айзат Ермекқызы