Басты бет Қоғам «Астана Опера» Санкт-Петербургке гастрольге аттанады

«Астана Опера» Санкт-Петербургке гастрольге аттанады

Фото: «Астана Опера» баспасөз қызметі

«Астана Опера» шығармашылық ұжымы Нева өзені бойындағы қалаға гастрольге аттанады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

IV Халықаралық камералық опера фестивалі аясында елордалық труппа Дж.Россинидің «Жібек саты» опера-фарсын ұсынады. 20 қазанда «Санктъ- Петербургъ Опера» мемлекеттік камералық музыкалық театр залында аншлаг болмақ. Петерборлық көрермендер қазақстандық әртістерді асыға күтуде, өнер көрсетуге дейін бір ай бұрын барлық билеттер сатылып кеткен. Гастроль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

«Спектакльдердің жоғары деңгейі мен әртістеріміздің асқан шеберлігінің арқасында «Астана Опера» театрын әлемдік мәдени кеңістікте жақсы біледі және бағалайды. Жетінші театр маусымының гастрольдік кестесін ашатын «Санктъ-Петербургъ Опера» сахнасындағы өнер көрсету Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Исаакович Александровтың шақыртуы арқасында өтеді. Гастрольді өткізу бойынша барлық шығындарды Санкт-Петербор театры толығымен өз мойнына алған. Біздің труппа мен көрнекті ресейлік режиссер арасын тығыз көпжылдық достық байланыстыратынын атап өткен жөн. Талғампаз петерборлық көрермен алдында өнер көрсету біз үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік, спектакль үлкен жетістікпен өтетініне сенім білдіреміз», — деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Джоаккино Россини 20 жасында венециялық Сан-Мозе театрына арнап, Дж.М.Фопптың либреттосына «Жібек саты» бір бөлімді күлдіргі опера-фарсын жасаған. Спектакль жарқын әзіл-сықақ пен оқиғалар желісіндегі әртістердің жанды суырып-салма мәнерімен, дарынды вокалдық және аспаптық партияларымен ерекшеленеді. Басты партияларды орындауға «Астана Опера» жетекші солистері, қазақстандық опералық сахна жұлдыздары дайындалуда: Джулия –Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Дорвиль – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Джермано – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сүндет

Байғожин. Спектакльге сондай-ақ театрдың дарынды солистері қатысады: Лючилла – Салтанат Мұратбекова, Бланзак – Евгений Чайников, Дормонт – Рамзат Балакишиев.

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...