Басты бет Аймақтар Нұр-Сұлтан «Астана Опера» жаңа театр маусымын ашады

«Астана Опера» жаңа театр маусымын ашады

Ұлттық классика жауһары – М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы «Астана Операның» жетінші театр маусымының шымылдығын түрмек. 5 қыркүйек күні театр есігі көрермендер үшін айқара ашылады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Басты партияларда қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары – жетекші солистер Бибігүл Жанұзак, Айзада Қапонова, Дина Хамзина, Бейімбет Таңарықов, Жанат Шыбықбаев өнер көрсетпек. Қоюшы дирижер – әйгілі маэстро Абзал Мұхитдинов.

Жетінші театр маусымы елордалық жұртшылықты опералық әрі балет спектакльдері, гастрольдік өнер көрсетулерімен және де, әлбетте, шығармашылық ұжым әзірлеп отырған түрлі тосынсыйлармен қуантпақ.

Көптен күткен маусымның ашылуына санаулы күндер қалды, әртістер дайындықтарға кірісіп кеткелі қашан, декорациялар сахнада бой көтерген, тіпті залдың өзі жазғы үзілістен кейінгі алғашқы көрермендерін күтумен мүлгіп қалғандай.

«Біржан-Сара» қазақ опера өнерінің нағыз игілігі болғандықтан, «Астана Опера» театр маусымын алғаш рет ашып отырған жоқ. Спектакль өз драматургиясы, қойылым тобының қазіргі күніміздегі айрықша шешімдерімен елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерді. Көрерменнің қиялына қанат бітіретін жәрмеңке көрінісінде ерекше нақыш берілген: мұнда дарынды халық зергерлері, шебер қолөнершілер, әккі саудагерлер, атқа қонған бүркітшілер мен арқан бойымен жүретін епті әртістер де бар.

3D-технологияны пайдаланудың арқасында табиғат пен тұрмыс көріністері жандана түседі. Көздің жауын алар костюмдер, итальяндық хас шебер Серджио Металлидің бейнепроекциялары, ең бастысы – тамаша музыка, солистердің керемет дауыстары мен үйлесімді оркестр үні көрерменге естен кетпес әсер қалдырары анық.

Қоюшы режиссер Асхат Маемиров, кеңесші режиссер Михаил Панджавидзе мен қоюшы дирижер Абзал Мұхитдинов жекелеген кейіпкерлердің мінез-құлқын қабылдаудағы қалыптасқан қағидаларды бұзып-жарып, қазақ операсының жаңа оқылымын ұсынады.

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов, қоюшы хореограф – Мукарам Авахри, қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов.

Спектакльдің басталуы 19:00.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...