Басты бет Оқиға Асылып қалған келіншектің анасы тергеудің әділ жүргізілетініне сенбей отыр (видео)

Асылып қалған келіншектің анасы тергеудің әділ жүргізілетініне сенбей отыр (видео)

Алматы облысында бүтін бір әулет «қызымызды суицидке итермеледі» деп, полицей күйеу баласы мен оның отбасын айыптады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Гүлмайса Жақыбаева Жаркенттің шетіндегі үйден асылған күйі табылған. Мұнда марқұмның ата-анасы тұрады. Жас келіншек төркініне күйеуімен жанжалдасып қалған соң келіпті. Ал келесі күні таңда өз-өзіне қол салған. Жақындары дереу жедел жәрдем шақырғанымен, 21 жасар келіншекті ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады.

Гүлмайса бір жарым жұл бұрын Жанат есімді полицей жігітке тұрмысқа шыққан. Ал оны суицидке итермелеген жағдай бір апта бұрын болды дейді қара жамылған ата-ана. Сол күні Жанат Қуанышбаев келіншегін сотқа апарып, өзгенің қылмысын мәжбүрлі түрде мойындатқан көрінеді.

Ардақ Жақыбаева, марқұмның анасы:

— Бұны әбден қорқытқан, өзі де бұрыннан қорқады екен ғой, бізге білдіртпей жүрген. Қағазды жазғызған. Ол қағазға: «Мен 13 миллион теңге ұрладым, ұрлағаным рас, мойындаймын» деп жазғызған.

Мұнымен қоймай, «Бес айлық баламнан бас тартамын» деп жазғызыпты. Марқұмның әбден қорқып тұрғанын көріп, соттағылар қағазды қабылдамаған. Ал күйеуі қолхатты қыздың ата-анасына көрсетіпті. Гүлмайса осының бәріне шыдамаса керек. Мұны марқұмның күйеуіне жазған соңғы хатынан аңғаруға болады.

— Сен маған ұрламаған нәрсені мойындатып, «қайтадан қосыламыз» деп алдадың. Әкем мен кенже ағамның алдында масқара етіп кеттің ғой. Енді елдің бетіне қалай қараймын?

Жақыбаевтар әулеті жағдайға полицей күйеу баласын ғана емес, оның отбасын да кінәлайды.

Ардақ Жақыбаева, марқұмның анасы:

— Өзіне қол жұмсауға жеткізіп отырған ол – атасы Тұмабаев Амангелді, күйеуі  Қуанышбаев Жанат, енесі Тұмабаева Эльмира.

Бұлар «іс жылы жабылып, кінәлілер жазадан сытылып кете ме» деп қауіптенеді. Өйткені сараптама жасалып жатқан кезде марқұмның күйеуі мен қайын атасы мәйітханада жүрген дейді шағымданушылар.

Кәмшат Жақыбаева, марқұмның әпкесі:

— Жазбаның бәрін өзгертпекші болған ғой, сот-медициналық сараптаманы. Өйткені мына жерде электрошокпен күйдірген ізі бар дейді, қолы көгерген.

Қаралы отбасы енді құдалары теңдік бермей кете ме деп қорқады. Сондықтан істің әділ жүргізілуін талап етіп, полиция бөлімінде шу көтерді.

Ешкім шықпаған соң, ашулы ағайын-туыс ішке басып кірді. Көп ұзамай басшылар да келді. Сөйтсе, Гүлмайсаның өліміне байланысты «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалыпты. Ал Жанат Қуанышбаев аяқ астынан денсаулығына байланысты демалысқа кеткен.

Айдар Әбдірахманұлы, Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары:

— Қазір күдікті болып танылған жоқ. Қорғануға құқығы бар ретінде, куә ретінде жауап алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру енді басталды. Біз керекті сараптамаларды тағайындадық. Солардың қорытындысын ала келе, заңды шешім қабылдаймыз.

Айта кетейік, жігіттің отбасы Қоңырөлең ауылындағы шаруа қожалығының иесі. Үйіне барғанымызда ешкім есік ашпады. Ауыл тұрғындары мен қызынан айырылған әулет мемлекет басшысына дейін хат жолдаған. Олар кінәлілердің тиісті жазаға тартылуын талап етеді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...