Басты бет Оқиға Асылып өлген адамнан мәйітханада коронавирус анықталды

Асылып өлген адамнан мәйітханада коронавирус анықталды

Асылып өлген адам вирус жұқтырған болып шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Редакцияға Түркістан қаласынан хабарласқан тұрғындардың сөзінше, Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан бауыры өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Елордадан бауырларының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырған депті.

Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде СОVID-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға буынып өлгенін анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған. Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.

Тәжібек Мұсаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:

— Асылып өлген. Асылып өлгеннен кейін короновирусы бар мәйітханада анықталған. Арнайы хабарлады бізге. Мемлекеттік сараптаманың арнайы хатын алдық. Бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой, жұмыстан қалып. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы бар, туысқандары бар.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...