Басты бет Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz басшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz басшылығымен кездесті

Фото Akorda.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені, қазақстандық «EcoJer» өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованы, «BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекті, экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековті қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе президентке цифрлық қызмет көрсету сервисінің және тиісті экожүйенің даму стратегиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы электронды коммерцияның өсу перспективалары туралы баяндады. Компанияның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі жоспарына ерекше мән берілді. Мемлекет басшысына Kaspi.kz компаниясының акцияларын алдағы уақытта Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының алаңдарына ашық түрде орналастыруға дайындық туралы айтылды.

«Ләззат Рамазанова мемлекет басшысына «EcoJer» қауымдастығының жұмысы, өнеркәсіп орындарының ауа сапасын ластауын төмендетуге бағытталған технологияларды әзірлеу және енгізу туралы айтты. Кездесу барысында жаңа экологиялық кодекс жобасының негізгі ережелері талқыланды. Мемлекет басшысы экологиялық заңнаманы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігіне тоқталды», — делінген ақпаратта.

«BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу кезінде кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Саясат Нұрбек президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайында айтты. Оның пікірінше, аталған жоба жастардың мамандық таңдауына, алдағы уақытта елімізде сұранысқа ие болатын кәсіптерді меңгеруіне көмектеседі.

Мемлекет басшысы білім беру саласында жаңа ғылыми әдістер мен технологиялық шешімдерді қолданудың маңыздылығын айтты. Тоқаевтың айтуынша, білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі.

Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен кездесуде ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері қарастырылды. Қазақстан президентіне институттың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...