Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желіде қызу талқыланып жатқан Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Президент бұзақылық салдарынан орын алған төбелесті араңдатушылар қолданып қалғысы келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті оқиғаға қатысты жазбаны өзінің Twitter парақшасында жариялаған.

«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады» — деп жазды мемлекет басшысы.

Президент ауылдағы жаппай төбелес пен тәртіпсіздік бұзақылар кесірінен орын алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл оқиғаны арандатушылар қолданып қалғысы келген. Қазіргі таңда, оқиға құқық қорғау органдарының жіті бақылауына алынды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдастар арасындағы келіспеушілікті туындатқан кінәлілердің барлығы жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Айта кетейік, Масанчи ауылы тұрғындарының арасындағы келіспеушілік жетінші ақпан күні орын алған. Желіде оқиға орнынан видео белсенді түрде тарап жатыр.

Оқи отырыңыз: