Қатаң карантин енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

30 қазаннан бастап Францияда қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа телеүндеуінде хабарлады, деп жазады Newsroom+ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, оқшаулау режимі вирустың таралуына едәуір бөгет жасайды. Қатаң карантин желтоқсан айының 1-не дейін жалғасады.

Риа Новостидің хабарлауынша, офлайн режимдегі жұмыстар мен мектеп өз қызметін жалғастыруы мүмкін. Қарттар үйіне де баруға тыйым салынбайды.

Керек жарақтарын алу үшін, дәріханаға, дәрігерге бару, жалпы көшеге шығу үшін рұқсат қағаз талап етіледі.

Оқи отырыңыз: