Қазақстанда күшейтілген карантин кезінде электр пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы бас мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетованың 5 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енетін қаулысында жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
5 шілдеден кейін елде әуе және теміржол байланысы тоқтамайды. Алайда бірқатар шектеу енгізіледі. Пойызбен жүру үшін ПЦР-тест анықтамасы қажет емес.
Өңірлер арасында жеке көлікпен қатынауға тыйым салынған жоқ.
Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 — 10:00 және кешкі 17:00 — 21:00 аралығында қатынайтын болады. Күндізгі уақытта үзіліс жасалады.
Қандай пойыздар жүрмейді
5 шілдеде Алматы – Сарыағаш бағытымен жүретін №321/322 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады.
Мына бағыттар бойынша жүретін пойыздардың күндері қысқарады:
- № 3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан» күнара (бұған дейін күнде),
- № 31/32 «Алматы-Павлодар» күнара (бұған дейін күнде),
- № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен» күнара (бұған дейін күнде),
- № 257/258 «Нұр-Сұлтан-Достық» аптасына бір рет (бұған дейін аптасына екі рет).
Фото: facebook.com/railways.kz
Оқи отырыңыз:
- Елбасының қанынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалатыны жайлы ақпарат жалған
- Өзбекстанда отыздағы әйел төртем туды
- 5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз