Басты бет Әлем Атамбаевтың тергеу изоляторындағы фотосы желіге шықты

Атамбаевтың тергеу изоляторындағы фотосы желіге шықты

Фото:24.kg порталы

Алмазбек Атамбаевтың Тергеу изоляторында түсірілген фотолары желіге шықты, деп хабарлайды MediaWorld.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның экс-президентін жанынан және алдынан түсірген. Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген кінә ресми түрде тағылды. Бұл туралы 24.kg порталына оның қорғаушысы Сергей Слесарев айтты.

Айтуынша, ІІМ тергеушісі Атамбаевқа Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы қылмыстық ісі бойынша айып тақты.

«Негізсіз айып тағылып отыр. Оны куәгер ретінде шақырып, ешқандай сұрақ қойылмады, мұнда қандай негіз болуы мүмкін? Оған бірден күдік туралы хабарламаны ұстатты. Бұл – алдын ала жоспарланған сценарий. Бұлар – заңсыз әрекеттер, себебі экс-президент ретінде Алмазбек Атамбаевта қол сұғылмаушылық құқығы бар», — деді қорғаушысы Слесарев.

Оған басқа да айып тағылуы мүмкін бе екенін заңгер айта алмайды.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында 26 тамызға дейін отырады.

Сәрсенбі кешке Қырғызстанның арнайы қызметі Атамбаевты ұстау операциясын жасады. Бұрынғы президент ол кезде астанадан 20 шақырым жердегі Кой-Таш ауылындағы резиденциясында болған. Алмазбек Атамбаев ұстау операциясы кезінде оқ атқанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Кеше Алмазбек Атамбаевты Қырғызстанның мемлекеттік ҰҚК арнайы жасағы ұстап, ҰҚК ғимаратына жеткізді. Атамбаевтың қызы Алия Шагиева әкесі ұсталғаннан кейін Instagram-ға естелік фото салды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...